Ақтөбе қаласы Қабақ баба мешітінде әдеттегідей мәуліт оқылды. Жұма намазына жиналған жамағат алдында өкіл имам, наиб имамдар және қари мәуліт оқыды. Намаздың алдында өкіл имам уағыз айтып, парыз намазынан бұрын Ақтөбе өңірінің өкіл имамы Қабақ баба мешітінің бас имамы Елемесов Русланға Бас мүфти атынан алғыс хат табыс етті.
Сонымен қатар жұма намазынан кейін Мәуліт дастарханы жайылып, барша жамағат астан дәм татты. Мәуліт құрметіне мал сойылып, халыққа ас берілді. Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаяны жамағатқа насихатталып, дастархан үстінде оның өнегелі ғұмырын шернтетін оқиғалардан сұрақтар қойылып, жақсы жауап бергендерге сыйлықтар үлестірілді.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.01.2017
3874
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру