Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт қызметкерлері балалар үйінде болды

09.01.2017 3392 0 пікір

Баршаға мәлім, еліміздегі мешіттер қашанда қайырымдылық істерге мұрындық болып халықтың шынайы алғысына бөленіп келеді. Қостанай қалалық мешіті де соның қатарында.

Мешіт ұжымы осы күнге дейін түрлі мекемелерге барып,  қайырымдылық шараларын өткізді.

Жуырда жоғарыда аталған киелі орынның қызметкерлері Қостанай шаһарындағы облыс әкімдігі білім басқармасының жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленіп жатқан №2 мектеп-интернатында болды.

Онда ұлы Пайғамбарымыздың туған күні Мәуліт мерекесіне орай қалалық мешіттің ұжымы атынан сыйлықтар тапсырылды.

Балдырғандар өз кезегінде өнерлерін көрсетіп, өлең  оқыды, әсем әндерді орындады.

Сондай-ақ мешіт қызметкерлері Мәуліт мерекесіне байланысты облыс орталығындағы №3 балалар үйіне де ат басын бұрып, ондағы бүлдіршіндерге сыйлық табыс етті.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру