Қасиетті Құранды қатесіз жатқа оқу 14 ғасыр бойы бізге сенімді жолмен жетіп отырған. Сондай мүмкіндік елімізге де жетті. «Нұр-Мүбарак» университетінде Құран Кәрімді оқудан 10-ға жуық қырағат бойынша иджазасы бар ұстаз, Мысырдың әл-Азһар университетінен келіп дәріс беруші ғылым докторы Саид Абдулмажид Сәид Мұхаммед биыл екінші жыл қатарынан шәкірттеріне ижаза беруде. Жақында ғана Мысыр елінен келіп дәріс беруші ғалымдар құрамындағы Саид Хасан Хусейн Бакри Пайғамбарымыздан ﷺ бері Құран жаттаған 28 шейхтан жеткен Хафс ибн Сулейман риуаяты бойынша Құран Кәрімнің толық 30 парасын қырағатпен оқу және жатқа айтудан иджазаны (рұқсат) «Нұр-Мүбарак» университетінде қызмет етіп жүрген сәтінде алу нәсіп болыпты. Сондай-ақ, 40 хадис жаттау бойынша да иджазасын растайтын арнайы куәлікке ие болды.
Ал университет шәкірттері арасынан исламтану мамандығында білім алушы 4-курс студенті Темірлан Мұхтаров та қасиетті Құранды толық жаттау мен Пайғамбарымыздың ﷺ қырық хадисін (Науаи) жаттаудан да иджаза алды.
Қос иджаза «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры профессор Жуда Басюни тарапынан куәландырылды.
Біз де университет атынан ұстаз, ғылым докторы Саид Хасан Хусейн Бакри мен студент Темірлан Мұхтаровты қос қуанышымен, яғни қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың ﷺ қырық хадисін жатқа оқудан иджаза алуымен құттықтаймыз. Алла разылығы, ел игілігі үшін қызметтеріңіз сансыз сауаптарға бөленгей!
Айша КЕҢЕСБАЙ
«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.01.2017
3784
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру