Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінің техникалық қызметкерлері марапатталды (ФОТО)

03.01.2017 3714 0 пікір

30 желтоқсан «Әзірет Сұлтан» мешітінің техникалық қызметкерлеріне арналған жалпы жиналыс болып өтті. Іс басқарушы Жарылқасын Амановтың төрағалығымен өткен жиналыс аясында қызметкерлердің жыл бойғы жұмыстары талқыланып, ұсыныстар пысықталды.

18 мың шаршы метр аумақты алып жатқан зәулім мешіттің іші-сырты түгелдей заманауи технологиямен жабдықталғаны белгілі. Бүгінгі таңда осы технологияның мүлтіксіз қызмет атқарып, халық игілігіне қалтқысыз жұмыс істеп тұруы – аталмыш қызметкерлердің арқасы екендігіне сөз жоқ. Атап айтсақ, алып мешіттегі ақауларды дер кезінде жөндеп, ішкі-сыртқы жұмыстарына жауапты болған электрик, сантехник, инженер, ағаш шебері, тазалықшылардың еңбегі ересен. Күндіз-түні кісі аяғы үзілмейтін құлшылық ордасындағы қауіпсіздік шарасына жауапты жандардың жұмысы оңай емес.

Осы айтылғандарды атап өткен «Әзірет Сұлтан» мешітінің іс басқарушысы Жарылқасын Аманов  техникалық қызметкерлерге арнайы «Алғыс хат» табыстап, жұмыстарына береке тіледі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған марапат рәсімі аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінің 50-ге жуық техқызметкерінің еңбегі еленіп, «Алғыс хатқа» ие болды.

Muslim.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру