Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай ауданында Мәуліт оқылды

29.12.2016 3606 0 пікір

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Абай аудандық «Қождан ата» мешітінің ұйытқы болуымен Мәуліт айының құрметіне рухани іс-шара ұйымдастырылды.

Рухани шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және оның орынбасарлары Е.Қарақұлов, Б.Әміре, М.Естеміровтар,  «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы-қари К.Сыздықов т.б. мешіт жамағаты қатысты.

Кездесу барысында өкіл имам А.Пірәліұлы Бас мүфти Ержан қажы малғажыұлы хазреттің құттықтауын жеткізді. Әсерлі айтылған уағызды жамағат ұйып тыңдады.

Рухани шарада дәстүрге сәйкес, Абай аудандық «Қождан ата» мешітінің бас имамы Дастан Желеуовтың арнайы барлық қатысушыларға мерекелік дастарханы жайылды. Сондай-ақ, бірқатар азаматтарға дінімізге сіңірген еңбегі үшін алғыс хаттар табыс етілді.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру