Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астананың діни қызметкерлері марапатталды

29.12.2016 3535 0 пікір

27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздінің 25 жылдығына орай және Қазақстан Республикасында діни эксремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Астана қаласы әкімдігі жанынан құрылған Ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) жұмысына белсенді атсалысқандығы үшін Елорда имамдары мен діни қызметкерлері Астана қаласы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Биыл АТТ-ның қатысуымен оқу орындары мен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде 566 рет түрлі кездесулер өтіп, онда 49 708 адам қамтылды. Бұл, өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп болып отыр.

Осы орайда, Елорда тұрғындарының жат ағымдардың жетегіне ілігуден ада болып, дәстүрлі бағытты ұстанып, діни тұрақтылығына қалтқысыз қызмет еткендері үшін марапатқа лайықты болған АТТ мүшелерін атап өтсек:

Республикамыздың Бас мешіті «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев, ұстаз Мақсатбек Қайрғалиев, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамдары Нұрлан Рамазанов, Қабылбек Жұмабеков, Әділхан Серікбай, Марат Бектазинов, «Астана» медресесінің ұстазы Әбдусамат Махатов, «Кунта қажы» мешітінің Бас имамы Яхия қажы Исмайлов, наиб имам Сәбит Ережепов, «Әс-Сәлам» мешітінің Бас имамы Нұрбол Әубакиров және «Толебай» мешітінің наиб имамы Дәурен Муслимов.

Діндарларымызды марапаттарымен құттықтай келе, еліміз бен дініміздің келешегі үшін жасап жатқан игі жұмыстарына толағай табыстар, отбасыларына береке-бірлік, дендеріне саулық тілейміз! 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру