Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО бойынша өкіл имамның бастамасымен, Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Тәлімі мінсіз тәлімгер!» атты мерекелік шара болып өтті.
Ал, арнайы ұйымдастырылған шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың арнайы сәлемін орталық мешітінің наиб имамы Абдурашит Қарабаев жеткізіп, жамағатты Мәуліт айымен құттықтап, қасиетті айдың маңыздылығына тоқталып, насихатын жеткізді.
Мереке барысында Мәуліт оқылып, Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз жайында (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)" атты бейнеролик көрсетілді.
Қатысушы жамағатқа және бүлдіршіндерге пайғамбар өмірінен үздік шығармалар, сахналық көріністер орындалып, келген жамағатқа сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге Құран кітап және тағы басқа бағалы заттар табысталды. Балаларға мәуліт айының құрметіне арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Мәуліт тойы аудандық, ауылдық мешіттерінде өз жалғасын таппақ.
Нұрлан САМАТҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.12.2016
3374
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру