Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Хромтауда мәуліт кеші өтті

28.12.2016 3545 0 пікір

Бүгін Алланың қалауымен Хромтау қаласындағы "Хромит" мейрамxанасында "Мәуліт" мерекесінің құрметіне 120 адамға дастарxан жайылып, ас берілді. Сонымен қатар аз қамтылған 13 отбасының балаларына азық-түлік үлестіріп, қайырымдылық көрсетілді.

Бұл "Мәуліт" кешіне ардагерлер, қажылар, "Нұр" мешіті мен "Ақжар" мешітінің жамағаттары және балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Пайғамбарымыздың ﷺ өмірінен сыр шертетін "Сағындық сені, иә Расулалла" атты видеороликпен бастау алған кеш, Құран оқумен жалғасып, "Мәуліт" кешінде уағыздар айтылып, жыр-термелер тартылды. Бұл шараның барлығына "Али Жас и К" ЖШС демеушілік көрсетті. Алла баршамызға риза болғай!

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру