Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірінде мәуліт мерекесі өтті

28.12.2016 3469 0 пікір

Алматы облысы, Қапшағай қаласының мәдениет үйінде «Үмбеттіне үлгі болған,  адамзаттың асылы-хз.Мұхаммед » атты облыстық рухани-танымдық мәуліт мерекесі  өтті.

Бұл жиынға өңір имамдары және мұсылман қауымы  қатысып, мерекелік іс-шараны сағынышпен қарсы алды. Алғашқы сөз қасиетті Құран  оқылуымен басталып, бата жасалынған кейін,  облыс имамы Қуаныш Бақытбекұлы жиналған қауымға ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хәзіреттің сәлемін жеткізіп,  мәуліт мейрамымен құттықтап, қарияларға пайғамбарымыз Мұхаммедтің  ахлақ сипаты жайында  уағыз-насихат айтты. Мәуліт-шәріф оқылып, дәстүрлі әсем әнмен, мазмұнды діни әуендер  жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Мерекелік жиын соңында сый-сияпаттар жасалынып,  «Самрұқ» мейрамханасында  дастархан жайылып,   ас берілді.

Алматы өңірінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру