Алматы қаласында Алғабас мешітінің ұйымдастыруымен қаламыздағы Арзан сауда орталығында «Мәуліт» кеші атап өтілді. Ауданның Бас имамы және Алғабас мешітінің Бас имамының құттықтауымен басталған кеш әр-түрлі жастағы көрермен жамағат үшін қызықты викторина түрінде өткізілді.
Қатысқан қонақтар ақын Серік Қалиев пен композитор Жарылқасын Даулет жүрек жарды лебіздерін айтып, діни өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ Пайғамбарымызға арналған жыр-термелер, мектеп жастағы балалар арасында Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) арналған шығарма бәйгесі және Пайғамбар мешітінің суретін салудан сайыс өтті, «Пайғамбарымызды таниық» атты қызықты бүктеме кітапшалар таратылды.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.12.2016
4572
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру