Ақтөбелік кәсіпкер Қалауша Садықова қаладағы қызмет көрсету деңгейі жоғары саналатын «Атамекен» мейрамханасының қожайыны. Мейрамхана бизнесін жандандырып отырған келіншек болашақта кәсібінің халал бағытына бұрылатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қазір бізде қонақ үй, мейрамхана, караоке клуб бар. Болашақта балабақша ашуды жоспарлап отырмыз. Тағы бір айтарым, болашақта ойын сауық орталығын халалға көшіргіміз келеді. Банк алдында несиелеріміз бар. Сондықтан бірден көшіп кете алмаймыз. Жолдасым да, өзім де қажылықта болып қайттық. Енді екінші қызыммен кіші қажылыққа баруды жоспарлап отырмын. Менен намаз оқисыз, қажылыққа барасыз, неге ойын сауық бизнесін жасап отырсыз деп сұрайтындар бар. Қазір банк алдындағы міндеттерім бәрін тастай салуға мүмкіндік бермей тұр. Үлкен бағыт жасайтын уақыт келеді деп ойлаймын. Ниетіміз бар» ,- дейді Қалауша Садықова.
80-нан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер қызметкерлерінің дені туыстары екенін жасырған жоқ.
«Бізде қазір 84 адам жұмыс жасайды. Біз нағыз қазақпыз, туыстарымызды жұмысқа тарттық. Жұмысшыларымыздың жартысы өзіміздің туысымыз. Жаны ашып, өзінікіндей жасайды. Өзімде барға ризамын. Әрқашан қолдап отырған жолдасыма алғысым шексіз. Ол маған сеніп, ашылуға мүмкіндік берді. Барлық әйелдің мүмкіндігі, таланты болады. Тек оған қолдау көрсете білу керек», - дейді кәсіпкер.
Алты балаға ана, әже болып отырған кәсіпкер сән әлемінде қыздардан да асып түседі. Ол әдемі болып жүруінің құпиясымен де бөлісті.
"Қазір үш қызым Алматыда тұрады. Үш бала қасымызда. Үлкеніміз 26 жаста, кіші баламыз 5 жаста. Кенжемді 42 жасымда босындым. Маған босанған ұнайды. Алла берсе әлі де қарсы емеспін. Мүмкін біреулер бұл сөзімді ақымақтық деп ойлар. Бірақ, мен неге «жоқ» деп айтуым керек. Тағы да балалы балғанды қалаймын. Бала біздің ізіміз. Алла мүмкіндік берсе көреміз. 47 жастағы әйелге мұндай әңгіме айту керек емес шығар, бірақ Алла берсе көпсінбеймін", - дейді қалуа Садықова.
Танымал депутаттың кәсіпкер әйелі ақшаны қайда жұмсағанда аямай шашатынын айтты.
«Мен қажылыққа барудан ақша аямаймын. Жаныңа күш береді. Канара, Мальдива Тайландқа барғанда қажылыққа барғандай энергия ала алмайсың. Қызымның туған күнінде қажылыққа апарғым келеді. Ол жақта өзін, өзінің жүрегін тыңдай алса екен деймін. Әл-Харам мешітіне барып, қағбаның алдында намаз оқығымыз келеді»,- деді кәсіпкер алдағы сапарларымен бөлісіп.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.12.2016
6122
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру