
Елімізде күллі мұсылман қауымына ортақ – Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күні Мәуліт мерекесі тойлануда.
Осы орайда Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде «Мәуліт мүбәрәк болсын» шарасы ұйымдастырылды.
Қасиетті Мәуліт айы кірісімен қалалық «Айтбай» мешіті жамағатқа арнайы Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірі мен Мәуліт айының қадір-қасиетін түсіндіретін ақпараттық парақшалар таратып, жалпы жамағатқа насихаттаған болатын.
Ал, арнайы ұйымдастырылған шараға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің бас имамы Талғат қажы Омаров арнайы қатысып, жамағатты Мәуліт айымен құттықтап, қасиетті айдың маңыздылығына тоқталып, насихатын жеткізді.
Мереке барысында Мәуліт оқылып, "Елшілердің мөрі - Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбар" атты бейнеролик көрсетілді.
Қатысушы жамағатқа және бүлдіршіндерге пайғамбар өмірінен сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге Құран кітап және тағы басқа бағалы заттар табысталды. Балаларға мәуліт айының құрметіне арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Сондай-ақ, шара барысында тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларына қайырымдылық жасалып, азық-түлік таратылды.
Шара аясында арнайы дастархан жайылып, қатысушы жамағат аталмыш шараны ұйымдастыруға мұрындық болған мешіт ұжымы мен «Айтбай» мешітінің бас имамы Нұржан Пірәліұлына ризашылықтарын білдірумен тарқасты.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.12.2016
3747
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру