Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Нұр-Мүбарак университетінің ректоры доктор, профессор Жуда Абдулғани Басюни мен проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзаларды, ұстаздар теология ғылымдарының докторлары Мұхитдин Исаұлы мен Алау Әділбаевтарды Құрмет грамотасымен марапаттады.
Ректор Жуда Басюни өз кезегінде: «Қазақстанның білім және ғылым саласы басшыларының бұл марапатына ілтипатымыз зор. Себебі біздің «Нұр-Мүбарак» университеті жай ғана жоғарғы оқу орны емес. Бұл ежелден діни бауырлас Мысыр мен қазақ елі арасындағы алтын көпір екені баршамызға белгілі. Сондықтан, қазақ елі тарапынан жасалып жатқан қандай да болмасын құрмет-қошемет біздің болашаққа деген сенімімізді арттыра түсері хақ,» -деп, өз алғысын білдірді.
«Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстары мен оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» құрметке ие болған ардақты ұстаздар бүгінгі қоғамымызға ауадай қажет исламтанушы, білікті имамдар мен дінтанушыларды даярлаумен қатар ел ішіндегі Ислам дініне қатысты ғылыми іс-шараларда белсене ат салысуда. Ғылыми баяндамалар мен мақалалар, сұхбаттар берумен қатар кітаптары да жиі жарық көруде. Сондықтан «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген ғалымдарға Алла сансыз сауаптан жазсын демекпіз.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұл құрмет марапаты ұстаз-ғалымдарға ғана емес иманды болашақ үшін ат салысушы бүкіл университет ұжымына деген сенім екені даусыз.
«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.12.2016
3599
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру