Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иманғали» орталық мешітінде Мәуліт оқылды

26.12.2016 3228 0 пікір

Қасиетті жұма күні Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде мәуліт мерекесіне арналған шара өтті. Алдымен мұнайлы аймақтың өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ардақты пайғамбарымыздың тәлім-тәрбиеге толы мүбәрак өмір жолына тоқталып, уағыз-насихат етті. Батырәлі қари Мәуліт оқыды.

Бас имам Б.Берденұлы: «Пайғамбарымыз дүниеге келген Мәуліт айы – адамзат тарихындағы аса маңызды күн. Бұл туралы пайғамбарымыздың өзі «Мен бұл күні дүниеге келдім, үмметіме елші болып жіберілдім, бұл күні маған Құран түсті» деп айтқан. Міне, біздің мақсатымыз - Пайғамбар ғұмырын, өнегелі жолын жамағатқа, бұқара халыққа кеңірек насихаттау болып табылады», – деп мәуліт айын атап өтудің артықшылықтарына тоқталды. Мұнан соң Батырәлі қари мәуліт шәриф оқыса, имамдар мен жамағат Пайғамбарға салауат айтты. Бас имам мәуліт дұғасын оқып, елімізге, тәуелсіздігіміздің баяндылығына, халқымыздың амандығы мен тыныштығына бата жасады.

 Сондай-ақ, «Ардақты Алла елшісінің ғибратты ғұмыры» туралы ақпараттық парақшалар шығарылып, жамағатқа тегін таратылды. Мәуліт мерекесінің құрметіне үлестірілген құрмадан ауыз тиген жамағат шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған мешіт ұжымына зор алғыстарын білдірді.

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру