Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арыс қаласында Мәуліт мерекеленуде

24.12.2016 3848 0 пікір

ОҚО Арыс қалалық  мәдениет үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО Арыс қаласы «Ысқақ» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Мәуліт!» атты рухани кеші ұйымдастырылды.

Рухани кешке қала әкімі және ҚМДБ-ның  ОҚО бойынша өкіл имамы арнайы қатысып, мерекемен құттықтады. Өкіл имам Арыс тұрғындарын ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауын жеткізді.

Мерекелік шараны елге белгілі «Асыл мұра» өнер орталығының өнерпаздары елге өнерлерін көрсетіп, тәнті етті. Сондай-ақ, Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің  наиб имамы Қажымұқан Қазыбаев қасиетті Құран  Кәрім және мәуліт хұтбасын оқыды.

Қала әкімі жиналған жамағатқа зәулім мейрамханада мерекелік дастархан жайып, өкіл имам Ахметжан қажы Пірәліұлы мен наиб имам Мұхамеджан Естеміровке алғыс  хат табыстады.

Мұнымен қатар, мерекеден теберік ретінде жиналған  көпшілікке  «Намаз оқып үйренейік» кітапшасы тегін таратылды.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру