
2016 жыл Шалқар ауданына қарасты Базой ауылының имамы Ықылас ақсақал үшін табысқа толы жыл болды. Өйткені, ол кісі қараша мен желтоқсан айларында Алматы қаласындағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында білімін жетілдірді. Институт сертификатын алды. Сонымен қатар «Халал-стандарттау» бөлімінің факультативтік курсына да қатысты. Яғни, қоржынына біліммен пайда түсірді.
Ы.Оразымбетов өз ауылында ғана емес, Шалқар ауданында да абыройлы діни қызметкер. Ауыл мешітінің барлық қызметтерін үйлестіріп, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан тәжірбиелі имам. Жамағатпен де қарым-қатынасы өте жақсы.
Ақсақалдың осы еңбектері ескерілді. Жыл соңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет Ықылас имамды асыл дініміздің өркендеуі мен жамағат бірлігі жолында жасаған еңбектері үшін алғыс хатпен марапаттады.
Бүгін Бас мүфтидің алғыс хатын өкіл имам Төлеби Оспан Ықылас Асанұлы ақсақалға салтанатты түрде табыс етіп, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде Ықылас ақсақал ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта елдің бірлігі мен жастардың тәрбиесі үшін аянбай еңбек ете беретіндігін жеткізді.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.12.2016
3622
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру