Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады» дейді. Қазақ халқы жетімін жылатпай, жалғызсыратпай өсірген халық. Қоғамымызда да өкінішке қарай сол балалардың саны да аз болмай тұр.
«Нұр Ғасыр» мешітіне келген «Жайсан» жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріе мешіттің наиб имамы қарсы алды. Мешітпен таныстырып, Құран оқып берген соң Ислам дінінің негізгі бес тірегін түсіндіріп, еліміздің болашақ жас өреңдеріне насихат, ақыл-кеңес айтты.
Ақтөбе қаласында осындай іс-шаралардың бірін ұйымдастырып жүрген «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлерінің «Үміт оты» атты еріктілер тобын айтуға болады. Одан бөлек «Пища жизни» қайырымдылық қоры қаламыздағы «Мега» ойын-сауық орталығындағы «Happylon» орталығына балаларды демалтқанын да айтпай кетпеске болмайды. Және мешіт жанынан құрылған «Рақым нұры» еріктілер тобы кортеж жалдап, жетімдер үйінің тәрбиеленушілерін «Ас-салям» кафесінде тамақтандырғанын да айтуға болады. Алла Тағала баршасының ізгі істеріне разы болып, қабыл болған игіліктердің қатарынан қылсын!
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.12.2016
4374
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру