Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мешіт «Әзірет Сұлтан» мешіті – ел мұсылмандарының мақтанышы

24.12.2016 3515 0 пікір

Жаратушы Жаббар Иеміздің қалауымен Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне республикалық бас мешіт айрықша мәртебесінің берілуі Қазақстан мұсылмандарының мерейін арттырған сүйінші хабар деп білемін.

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық белесімен тұспа-тұс келген осы қуанышты оқиға Қазақ елінің абыройын өсіріп, Ислам дініміздің асқақтауына сеп болды.

Арман қаланың сәулеттік келбетін айшықтайтын «Әзірет Сұлтан» мешітінің Қазақстанның бас мешіті болып таңдалуында Сіздердің де қосқан үлестеріңіз өлшеусіз.

Бұл асқақ мәртебе – мешіт ұжымы мен жамағатына берілген жоғары баға, шынайы пейіл екендігіне күмән жоқ.

Хақ Тағаланың шапағатымен еліміздің бас мешіті талай толымды істердің бастамашысы болып, халыққа игілікті қызмет етеді деген сенімдемін!

Бүгінгі қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, дін Ислам жолындағы толағай еңбектеріңізге табыстар тілеймін!

 

Ахметжан қажы Керімбек, 

 ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру