Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр Ғасыр» мешітінде Мәуліт оқылды

23.12.2016 3134 0 пікір

Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық мешітінде жұма намазы қарсаңында Алла елшісінің ﷺ туған Мәуліт айына орай «Мәуліт» оқылды. Аллаға мақтаулар мен Пайғамбарға ﷺ салауаттардан тұратын және Мұхаммед пайғамбардың ﷺ ата-тегі мен өмірін сипаттайтын өлең жолдарын мешіт имамдары жамағатпен бірге оқыды.

Бұл айда Алла елшісіне ﷺ салауаттар көптеп айтылатыны баршамызға белгілі. Жұмаға жиналған жамағатпен бірге мешіттің имамдары салауаттар айтып, еліміз бен жерімізге дұға тіледі. Жұмадан тарқаған жамағатқа Алла елшісінің ﷺ сүйіп жейтін жемісі құрма таратылды.

Одан бөлек жұма уағызында еліміздің ынтымағы мен бірлігіне іріткі салып жүрген «Такфир-хижра» ағымының зардабы мен залалы айтылып, жамағат олардың сипаттары турасында құлақтандырылды.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру