Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне орай ҚМДБ әйелдер-қыздар секторының Алматы қаласы өкілдігі «Ислам – бейбітшілік діні» атты рухани кеш өткізді.
Сектордың жетекшісі Маржанқыз Ахметованың ұйымдастыруымен өткен шараға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және өкіл имам Нұрбек Әуесханұлы қатысты. Алғашқы сөзді алған мүфти хазрет: «Баршаларыңызды тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға татыған 25 жылдық торқалы тойымен құттықтаймын! Расында, біз кешегі аумалы заманда қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азаттықтың ақ таңын атырған халықпыз. Сондықтан да, Тәуелсіздік – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз. Ата-бабаларымыздың асқақ арманы мен өр рухының, иманға берік мұсылмандығының арқасында келген Тәуелсіздік – Алланың бізге берген сыйы һәм нығметі»,- деді.
Кеш барысында ғибраты мол көріністер қойылды, тәуелсіздікке еңбегі сіңген қоғам қайраткерлер еске алынды. Викторина ойнатылып, тәуелсіздік жолындағы еліміздің басынан кешкен оқиғалар жайлы сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірілді.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.12.2016
3761
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру