Бүгін "НұрОтан" ғимаратында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақжайық төрінен "Дүрбі" Батыс Қазақстан аймақтық қоғамдық-танымдық тәуелсіз газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты.
Атаулы шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Сұлтанов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов, "Жайық Пресс" ЖШС бас директорының орынбасары Ғайсағали Сейтақ, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов, облыстық "Приуралье" газетінің Роза Сыикова, Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің Әлімхан Тұрлыбеков, орталық мешітінің жанындағы "Ақсақалдар" кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестігінің төрағалары мен төрайымы қатысты.
Алдымен БҚО ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Қаныбекұлы сөз алып, "Дүрбі" Батыс Қазақстан аймақтық қоғамдық-танымдық тәуелсіз газетінің редакторы Ұлдай Қабошқызына сәттілік тіледі.
Одан кейін орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы: «Ақжайық төрінен жаңа басылыммен "Дүрбі" аймақтық қоғамдық-танымдық тәуелсіз газетінің алғашқы санына сәттілік тілеп, Асыл дінімізбен қатар отбасы мен ұлт құндылықтарымызды насихаттайтын басылымның ғұмыры ұзағынан болып, жамағаттың төл басылымы болсын!
Елін қорғайтын ер болайық,
Ерін қолдайтын ел болайық! -дер.
Қай ісіміздің де Алла Тағала сәтін салғай! «Әумин» деп қол жайып, «Әуп» деп күш қосып, «Алла»- деп іске кіріселік»-деп ақ тілегін білдірді.
Жиналған қауым ақжарма тілегін айтып, Ұлдай Қабошқызына шығармашылық табыс тіледі.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.12.2016
3783
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру