Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында қала, аудан имамдарымен 2017 жылдың алғашқы кеңейтілген мәжілісі болып өтті.
Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды.
Мешіттердегі ішкі тәртіп Ережесі түсіндірілді
Мәжіліс барысында 2017 жылдың негізгі іс-шаралар жоспары талқыланды. Мұнымен қатар, Ғұламалар кеңесінің XIV мәжілісінде бекітілген «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігі мешіттерінің ішкі тәртіп Ережесі кеңінен түсіндіріліп, таныстырылды.
Сондай-ақ, мәжілісте бірқатар тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, алдағы жылы кереғар ағымдардың алдын-алу шаралары, жастар ісі және халал ісі, Зекет қорының жұмыстарын күшейту, ЖАНТ жұмыстары, діни сауат ашу курстарының жұмыстары және т.б. өзгеде мәселелер төңіренінде тапсырмалар алды.
«Біз Құранды білеміз бе?» атты кітабы таныстырылды
Тағы бір жаңалық, кезінде өкіл имамның орынбасары қызметін атқарған, бүгінде облыстық дін істер басқармасына қарасты діни зерттеу орталығының директоры орынбасары, дінтанушы Асылбек Төлегеновтың «Біз Құранды білеміз бе?» атты кітабының таныстырылымы болып өтті. Кітап мазмұны төңірегінде наиб имам Мұхамеджан Естеміров арнайы баяндама оқыды. Кітапта қырықтан астап тақырыптар енгізілген. Әр бір тақырыпты бүгінгі ғылыммен ұштастыра білген. Бұл кітапта жарық көрген материалдар осыған дейін дискі түрінде жарыққа шыққан болатын. Кітаптың оқырманы көп болады деп сенеміз.
Діндарлар марапатталды
Биылғы жылы өкіл имам және т.б бірқатар имамдарамыз мемлекет тарапынан арнайы төсбелгілермен наградталды. Мұның өзі діндарларымыздың қоғам алдындағы беделінің артып отырғандығының дәлелі. Осы дәстүрді жалғастырып, шара соңында асыл дініміздің жолында аянбай қызмет етіп жүрген дін қызметкерлеріне Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай өкілдік тарапынан алғыс хаты табыс етілді.
Және барлық қатысушыларға «Гауһар ана» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.12.2016
3804
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру