Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: "Таугүл-3" мешітінде Мәуліт мерекесі өткізілді

22.12.2016 3607 0 пікір

Күні кеше Алматы қаласы "Таугүл-3" мешітінде ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедті (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жамағатқа жақыннан таныстырған тамаша іс-шара өтті. Мешітте ұстаздық қызмет атқаратын Айнұр Жарқынбекқызы мен әпке-қарындастарымыз ұйымдастырған Мәуліт мерекесінде уағыз-насихат айтылып, сүйікті Пайғамбарымыздың (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен өнегелі көріністер көрсетілді. Сондай-ақ ардақты Елшінің (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянына қатысты сұрақ-жауап түрінде ойындар ұйымдастырылып, сый-сыяпаттар үлестірілді. Жаратылыстың абзалы болған ұлы Тұлға жөнінде таным-түсінік пен құрмет-сүйіспеншіліктің артқанында дау жоқ...

Я, Расулалла, мәртебеңіз асқақтай берсін! Я, Раббым, біздерді рақымыңа бөлегейсің!..

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру