Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінде мәуліт оқылды

22.12.2016 3429 0 пікір

Бүгінде әлем мұсылмандарының халықтық мерекесіне айналған, қуаныш пен шаттық күні болған, «Мәуліт мерекесі» сан ғасырдан бері жыл сайын тойланып келеді.

Барлық дерлік мешіттерде Мәуліт оқылып, Расулуллаһ ﷺ еске алынады.    

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде де мәуліт айының құрметіне арнайы шара ұйымдастырылды.

Шара аясында жамағатқа арнайы ас беріліп, адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед ﷺ салауат айтылып, мәуліт оқылды.

Сондай-ақ, шара барысында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат жиналған жамағатқа имандылық, Мәуліт айының қадір-қасиеті турасында уағыз-насихатын жеткізді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру