Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қалалық мешіттердің имамдары Шығыс Қазақстан облыстық «Пушкин атындағы кітапханада» болды. Имамдарды кітапхананың қызметкерлері күтіп алып, оларды кітапхананы аралатып таныстырды.
Бұдан соң имамдар осы ғимаратта жуырда ғана ашылған «Елбасы атындағы оқу залында» отырып, «Елбасы және Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шарада Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин және осы кітапхананың қызметкерлері Елбасының басшылығымен Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктерін саралады.
«Асыл дініміз тек Тәуелсіздіктің арқасында ғана оралды. Тәуелсіздік бізге баға жетпес бақыт сыйлады. Бүгінде қазақ халқы кемелді де, кемеңгер ұлтқа, болашағы жарқын, іргелі мемлекетке айналуы тікелей Елбасымыздың арқасы. Еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігі одан ары нығая берсін» деп атап өтті, шарада сөз алған имамдар.
Имамдар Елбасының әр жылдарда жазған еңбектерімен, фотосуреттер шежіресімен танысты.
Шара соңында найб имам кітапхана ұжымын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, алғыс білдірді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.12.2016
3607
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру