
ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі Тәуелсіздің күні құрметіне орай шаралар өткізу туралы қалалық, аудандық мешіттерге арнаулы тапсырма берген болатын. Осы тапсырма аясында Шығыс Қазақстан облысы «Өскемен қалалық орталық мешітінде» Тәуелсіздік үшін күрескен даңқты бабаларымызға арнап Құран бағышталып, ас берілді.
Шараға ақсақалды аталар мен әжелер, зиялы қауым өкілдері, діндарлар мен жастар жиналды.
«Тәуелсіздік сан ғасырлар бойы аңсаған ата-бабаларымыздың арманы еді. Бүгінгі ұрпақ осынау жарқын күннің куәсі болып отырмыз. Азаттық үшін қаншама бабаларымыз жандарын қиды. Батыр бабаларымыздың ерліктері бізге үлгі. Бүгінгі ұрпақ біздер Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында еңбек етіп, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға тиіспіз. Бұл шараны Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізіп отырмыз» деп атап өтті, сөз барысында, шараны ұйымдастырушылар.
Кең дастархан басында ел тарихынан шежіре шертіліп, салиқалы әңгімелер айтылды. Еліміз үшін, Елбасымыздың амандығы үшін дұға жасалды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.12.2016
3311
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру