
Желтоқсанның 19-ы күні қалалық «Әт-тақуа» мешітінде айлық отырыс болып өтті. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашқан жиынды «Әт-тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы жүргізіп отырды.
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ дүниеге келген қасиетті ай – Мәуліт мейрамымен тұспа-тұс келген бұл жолғы айлық отырыста теолог Батырбек Убаев «Пайғамбарымыздың ﷺ үмметке мейірімі» тақырыбында уағыз айтты.
Уағыз үсті Б.Убаев пайғамбарымыздың ﷺ Алла тағала тарапынан жер жүзіне рақым етіп жіберілген ең қадірлі елші екенін айта келе, Оның ﷺ күллі жаратылысқа деген мейірімі туралы сөз қозғады. «Пайғамбарымыз ﷺ – барша жаратылыс болмысына мейірім-шапағатын шаша білген Ислам тарихындағы теңдессіз тұлға. Десек те, Оның ﷺ өлім аузында жатып «үмметім» деп өткен адамзат баласына деген мейірімі бөлек еді», – деді. Ол өз сөзін «Расында, сендерге іштеріңнен бір пайғамбар келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді» (Тәубе сүресі (128-аят) деп келетін Құран аяттарымен қорытып, жамағатты пайғамбар ﷺ өнегесінен тағылым ала білуге шақырды.
Ескерте кету керек, «Әт-тақуа» мешіті айлық уағыз (отырыс) ұйымдастырып, жамағатқа дастархан жаю дәстүрін қараша айында бастаған болатын. Осымен екінші рет қолға алынып отыр.
Бас имам Өсімхан Аманбайұлының айтуынша, отырыс болашақта дәстүрлі түрде әр ай сайын өтіп тұрады. Жиын барысында елімізге белгілі теолог мамандар мен мешіт имамдары уағыз айтатын болады. Мұндағы мақсат мамандардың бір-бірімен тәжірибе алмасып қана қоймай, жамағаттың діни сауаттылығын арттырып, сенім, мінез (ахлақ), құлшылық ғибадаттары хақындағы білімдерін жаңартуына ықпал ету.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.12.2016
3845
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру