Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иманғали» орталық мешітінде хадисті жатқа айтудан жарыс өтті (фото)

21.12.2016 3528 0 пікір

Желтоқсан айының 18-і күні «Иманғали» орталық мешітінде Мәуліт мерекесіне орай ерлер жамағаты арасында сайыс өтті. Жиынды ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша Жастар бөлімінің жетекшісі ашып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, мешіттің наиб имамы өзара бақ сынасқалы тұрған жас шәкірттерге сәттілік тілеп, шараны жүргізіп отырды.

Қасиетті ай қарсаңында ардақты пайғамбарымызды ﷺ ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шара 2 бөлімнен тұрды. Сайыстың бірінші бөлімінде жас жамағат «Фирдаус», «Ахнаф», «Мухаджир», «Ансар» атты төрт топқа бөлініп, бір-бірімен білім жарыстырды. Ислам діні тарихындағы пайғамбарымыздың ﷺ өмір жолы туралы қойылған сұрақтарға «Фирдаус» тобы белсенді жауап беріп, 1-орынға ие болды. Екінші және үшінші орындарды «Ахнаф», «Мухаджир» топтары иеленді.

Екінші бөлім – пайғамбарымыздың ﷺ хадистерін жатқа айтудан онға тарта шәкірт сынға түсіп, нәтижесінде Сырым Жақсылықов бас жүлдені қанжығасына байлады. Сайыс барысында үздік өнер көрсетіп, хадис жаттау, оны мәнерлеп айту шеберліктерімен көзге түскен жастарға «Пайғамбар ﷺ және төрт халифаның өмірбаяны» сынды аса құнды кітаптар тарту етілді.

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру