
ҚМДБ Семей аймағы Қос мұнаралы орталық мешітінде дәстүр бойынша барлық қала, аудан, имамдары жиналып, 2016 жылы атқарылған жылдық жұмыстары жайында есеп беріп, келешекте атқарылар жұмыстармен ой бөлісті.
Әр қала, аудан, имамдары жыл бойы атқарған қызметіне тоқталып, жылдық есептері тыңдалды.
Жалпы, жиын барысында алдағы атқарылатын үгіт-насихат жұмыстары, жастар бөлімінің жұмыстары, баспасөз қызметінің маңыздылығы, сауат ашу курстарын жан-жақты дамыту, түрлі кереғар ағымдардың алдын-алу шараларын күшейту және алдағы жылы атқаратын жұмыс жоспары пысықталды.
АНТ жұмыстарын дамыту тұрғысында пікір алмасу мен төл басылымдарымыз «Ислам және Өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылуды жыл бойына жалғастыра беру келісілді. Өзге де ағымдағы мәселелер сарапқа салынып, ұсыныстар тыңдалды.
Сонымен қатар, 2016 жылы атқарылған шаралардың нәтижесі бойынша Өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы қолынан "Ислам нұры" газетінің бас редакторы Тілеубердиев Дәулет Рамазанұлын және қала, аудан, ауыл имамдары алғыс хатқа ие болды.
Аймақтағы таңдаулы дін қайраткерлерін құттықтай отырып, оларға алдағы уақытта да мықты денсаулық, игі мақсат жолындағы қызметтерінде табыс тілейміз. Тәуелсіздік – сақтың сан жылдық, ғұнның ғұмырлық арманы. Жалпы қазақтың назары, аңсары ауған – биік белес. Сол көкжиектің тұғыры биік болсын! Елдің берік іргесі сөгілмесін!
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.12.2016
3208
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру