Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халифа Алтай» мешітінде айырықша шара өтті

20.12.2016 3295 0 пікір

Еліміздегі басты мереке-Тәуелсіздік күні ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің жоспарлауымен қалалық және аудандық мешіттерде іс-шаралар толасыз өтіп жатыр.

Қасиетті жұма күні Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Тәуелсіздікке тағзым» атты шара өтті.

Шара барысында жұма күні мешітке келген жамағатқа еліміз туының кішкентай үлгісі және «Қазақстан» тәттісі таратылды.

«Барлығымыз ата-бабаларымызың аңсаған, бүгінгі ұрпақ жеткен Тәуелсіздікке құрмет көрсетуге тиіспіз. Жеткен жетістіктеріміздің барлығы Тәуелсіздіктің арқасы. Тәуелсіздікті баянды етуге үлес қосу біздің басты парызымыз. Көк байрағымызды биікте желбіретейік» деп, шараны ұйымдастырушылар жамағатты құттықтады. Алтын бесік Отанымыздың көркейе беруін тілеп дұға жасалды.

Бұл шара қала, аудан мешіттерінде жалғасын тапты.

Жамағаттарда бұл шараға риза болып, өздерінің алғыстарын білдіріп тарқасты.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру