Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сансызбай Құрбанұлы «Нұр Ғасыр» мешітінде уағыз айтты

20.12.2016 3499 0 пікір

Ақтөбе өңіріне іс-сапармен келген ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы мешіт жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат жүргізді.

Мешіт төріне жиналған жамағат ұстаздың өте ғибратты да әсерлі кеңестері мен насихатын тыңдады. Сансызбай ұстаз белгілі ғалым Ибн Хажар әл-Әсқаланидің «Әл-Мунаббиһат ъала әл-истиъдад ли йаум әл-маъад» (Қиямет күніне дайындыққа (адамзатты) ескерту) атты еңбегінен ғұламалар мен данышпандардың, сахабалар мен табиғиндердің айтып кеткен насихаттары мен үлгіаларлық оқиғаларды келтіріп кетті. Жандарына ыстық болып кеткен ұстаздарын жамағат құшақ жайып қарсы алып, уағыздарын сүйсініп тыңдады.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру