Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау облысының бас имамы мерекелік медальмен марапатталды

20.12.2016 4080 0 пікір

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков  және Ақтау қалалық мешітінің бас имамы Дүйсен Қосниязұлы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.  

Облыс әкімдігінде өткізілген шараға өңірдегі ұлтаралық және дінаралық қарым қатынасты нығайту жолында еңбек еткен жандар шақырылды.  Мерекелік медальдарды тапсырған облыс әкімінің орынбасары  Сүйіндік Алдашев   жиналғандарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, оларға ел руханиятының дамуына сіңірген қызметтері үшін алғыс айтты.

Маңғыстау облыстық орталық мешітнің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру