Маңғыстау облыстық орталық мешітінің сауат ашу курсынан дəріс алып жүрген қыз-келіншектерге тігіннен шеберлік сыныбы өткізілді. Шараны бастан аяқ ұйымдастырып, арнайы маман алдырып, қыз - келіншектердің басын қосқан мешіттің əйелдер секторы басшысының айтуынша, мұндай шара мұсылман əйелдердің сұранысына орай жасалып отыр.
Шеберлік сыныбында əйелдер тігінші маманнан бір күн бойы қажетті ақыл - кеңестерін алып, тігін тігудің қыр-сырын үйренген. «Əсіресе көрпе тігу, құрақ құрау, көрпеге ою жапсыру, пішу, қыз жасауының қалай жасалуы секілді сабақтардан əйелдер өздеріне пайдалы мағлұмат алды. Алдағы уақытта тағы да өткізсек деген жоспарымыз бар", - дейді Г.Жұмағалиева.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.12.2016
3447
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру