Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда әйелдер жамағаты Мəулітті атап өтті

20.12.2016 3552 0 пікір

Адамзаттың абзалы болған  пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ туған айын ардақтаған Мəуліт кешін Маңғыстау облыстық орталық мешітінің əйелдер жамағаты əсерлі етіп өткізді. Мешіттің əйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен  өткен кеште имандылықты дəріптеген қойылымдар көрсетіліп, пайғамбарымыздың ﷺ өмірі жайында уағыз айтылды. Мұсылман келіншектер  өзара білім деңгейлерін сынап, сұрақ-жауаптар алмасты.

Мəуліт кешіне арналып бір ай бұрын жарияланған, Пайғамбарымызға ﷺ арналған  "Сағыныш хаты" атты мерекелік сайыстың қорытындысы да жария етілді. Сағыныш хатын жазғандар арасында Әйгерім Назарбаеваның шығармасы мағыналы жəне үздік деп танылды. Жеңімпаз бен қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру