Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент медресе-колледжінде шәкірттер арасында уағыз айтудан жарыс өтті

15.12.2016 3414 0 пікір

Шымкент қаласында орналасқан ҚМДБ-ға қарасты Шымкент медресе-колледжінде Пайғамбарымыз Мұхаммедке Мәуліт мерекесіне және Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шәкірттер арасында уағыз айтудан жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа төрелік ету үшін ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, директор Талғат Әсембай, Анарқұл Сырмановтар төрелік етті.

Жарыста орын алған жеңімпаздарға өкілдіктің арнайы дипломы мен қаржылай сый-сияпат берілді.

Жалпы, аталмыш оқу ордасының әкімшілігі шәкірттердің шешендік қабылетін дамыту мақсатында уағыз айту сайысын ай сайын өткізіп тұруды ұйғарып отыр.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру