Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы қаласындағы бірқатар дін қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
25 жыл. Дін саласында өсу. Өркендеу. Жас мемлекет тегеурінді елге айналу үшін осындай белестерден өтті. Толағай табыстарға жетті. Осы жолда еңбектеніп тер төккен діни сала майталмандары да құрметке бөленді.
ҚМДБ Ғұламалары кеңесінің мүшесі, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет, Алматы Орталық мешітінің наиб имам Дулатбаев Жорабай, "Төле би" мешітінің бас имамы Мырзабаев Кенжеәлі Елбасының «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Тәуелсіздік – сақтың сан жылдық, ғұнның ғұмырлық арманы. Жалпы қазақтың назары, аңсары ауған – биік белес. Сол көкжиектің тұғыры биік болсын! Елдің берік іргесі сөгілмесін!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.12.2016
4492
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру