
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Бұл құрметті марапатты оған Өскемен қаласының әкімі Е.Аймұқашев Өскемен қаласында өткен мерекелік салтанатты жиында тапсырды.
«Бұл сыйлық мен үшін ерекше. Осынау марапат дініміздің құндылықтарын терең тамыр жаюына үлес қосқан барлық әріптестерімнің еңбегіне деген мемлекетіміздің құрметінің белгісі деп білем. Барлық жігерімді қоғамдағы татулық пен еліміздің бейбітшілігінің нығаюына арнаймын» дейді ол.
Атап айта кетсек, Дәулет Қабидолдин 1998 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысында діни қызмет атқарып келеді. Ол әр жылдары ауыл имамы, молда, қалалық мешіттің наиб имамы қатарлы қызметтерді абыройлы атқарған.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.12.2016
3672
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру