Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәуелсіздік тартуы

14.12.2016 3509 0 пікір

Кеше Орал облыстық  әкімшіліктің үлкен залында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай   мемлекеттік марапаттау рәсімі болып өтті.

Атаулы шараға  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мемлекеттік мекеменің басшылары, аудан әкімдері, дін өкілдері,қоғамдық бірлестіктің төрағалары мен төрайымдары, кәсіпорындар мен серіктестіктер басшылары мен өкілдері, жеке кәсіпкер қатысты.

Алдымен облыс әкім Алтай Сейдірұлы сөз алып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатынның арқасында 25 жылда жеткен жетістіктер мен толағай табыстарды  атай отырып,  елімізге жарқын болашақ, әрі гүлденуі мен көркеюін тіледі.

Сондай-ақ, облыс  әкімі Тәуелсіз еліміздің дамуы  үшін ерен еңбектері мен өз үлестерін қосқан облысымыздағы  әр салада қызмет етіп жүрген азаматтар мен азаматшаларға ыстық ықыласы мен алғысын білдіріп, өз қолымен  төсбелгілерімен марапаттады.

Айтулы марапаттауда облыс аясында дін саласындағы  қосқан үлесі мен  еңбегі  бағаланып,  облыс әкім Алтай Көлгінов ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановты да 25 жылдық мерейтойға  орай құттықтап, төсбелгі тақты. 

Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, ал әрбір азаматтымыз  елі мен жерінің мүддесін жоғары қояр тұлғалар қатарында бол берсін!

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

 Нұрлан САМАТҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру