Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Министр маңғыстаулық имамдармен кездесті

14.12.2016 3217 0 пікір

13 қараша Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б.Ермекбаев облыс әкімдігінде өңірдегі имамдармен кездесу өткізді. Жиында министр Н.Ермекбаев дін саласында құрылған министрліктің атқарып отырған жұмысы жайында және деструктивтік діни ағымдарға қатысты мемлекет ұстанымын жеткізді.

Сондай-ақ, Министр облыстық әкімдікке, өңірдегі ҚМДБ мешіт имамдары мен теологтарына тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру жөнінде бірқатар ұсыныстарын айтты.

Атап айтқанда, Қазақстанның зайырлы мемлекет болуы себепті, әрбір жеке ұстаным мен сенім көзқарасына, әрбір азаматқа құрметпен қарау, зайырлы қағидаттарды қамтамасыз ету мен нығайту, теріс ағымдардың сипаттарын әшкерелеу бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу мәселелеріне тоқталды.

Жиын соңында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейтбеков облыс бойынша атқарылып жатқан істерге қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ, өңір мешіттерінде осы жылы жасалған жұмыстарды баяндайтын бейнеролик көрсетілді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру