Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қыздар секторы қайырымдылық жасады

13.12.2016 3364 0 пікір

Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі, асыл қасиеттердің бірі. Алла тағала Адамзат баласына он екі мүшесін сау қылып берсе, енді біреулерін жарым-жанды қылып сынайды. 

Бүгінгі таңда тағдырдың сынақтарына ұшыраған жандарға мешіт тарапынан қайырымдылық көрсетіліп, қолда келгенше көмектер жасалуда.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің қыздар секторы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Шара барысында қалалық «Айтбай» мешітінің қыздар жамағаты өз қолдарымен пісірген тәттілерін саудаға шығарды.

Қайырымдылық шарасынан түскен қаржы баласы науқасқа шалдығып қаржылық қиындыққа тап болған анаға тапсырылды.

Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру