
Биылғы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің қызметкерлері қаладағы бірнеше білім ордалары – Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық инстутында, Агро колледждің оқу орындарымен жатақханаларында жастармен кездесті.
Бұл жүздесулерде ең әуелі тәуелсіздікті бағалай білу сөз болды. Имам өз сөзінде Асыл дініміз Ислам тәуелсіздікті бағалап, құрмет тұтуға шақырады. Тәуелсіздікпен бірге дінімізбен қауыштық, ұмытыла бастаған ұлтымыздың мәдениеті қайта жаңғырды. Осының бәрі – тәуелсіздіктің жемісі. Бұны ата-бабаларымыздың Аллаға деген шынайы сенімі мен тақуалығына орай, мейірімді Раббымыздың берген сыйы деп түсінуіміз керек. Сондықтан Тәуелсіздік – Алла Тағаланың бізге берген баға жетпес сыйы. Осы нығметті қолдан шығарып алмас үшін, біз жастар иманды да ибалы, білімді де парасатты болуымыз қажет. Елімізге, қоғамға зиян келтіретін әрқандай дін атын жамылған ағымдардан аулақ болып, асыл дініміз бен ұлттық құндылықтарымызды бағалай білейік деп насихат айтты.
Сондай-ақ, мешіттің алқа мүшесі, дін жанашыры Мейрамханқажы да жастарға тәлім айтып, ұстаздар мен ата-анаға құрмет көрсету жайында өз ойымен бөлісті.
Мемлекетіміз жастар саясатын әрдайым назарда ұстап, жастардың толыққанды қалыптасуына барлық жағынан қолдау білдіріп келеді. Сондықтан сіздер студенттер әрқашан білімге ұмтылып, дін мәселесіндегі сауалдарды тек дін мамандарынан, сұрап білгендеріңіз дұрыс дегім келеді деп сөзін түйіндеді.
Студенттер өз ойларындағы сауалдарына жауап алып, пікірлерімен де бөлісті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.12.2016
3808
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру