Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб имам Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне дәріс оқыды

12.12.2016 3315 0 пікір

Астана қаласы "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің наиб имамы Әділ Агитаев Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне дәріс оқыды. 

"Ғылмани" мешітінің имамдары жыл бойы түрлі мекемелерде кездесулер мен дөңгелек үстелдерде, семинарлар мен мерекелік шараларға белсене қатысып, ата дініміздің асыл құндылықтарын елордалық жамағатқа жеткізуде өз үлестерін қосып келеді.

Соның бірі, өткен сенбі күні мешітіміздің наиб имамы Әділ Агитаев Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне жат ағымның қоғамға тигізер зияны мен дәстүрлі Ислам құндылықтарының артықшылығы турасында дәріс оқыды. 

Дәріс барысында Ә.Агитаев жат ағым өкілдерінің еліміздің тыныштығы мен тұтастығына, халқымыздың берекесі мен ұлтымыздың мәдениетіне жасайтын түрліше деңгейдегі залалы туралы кеңінен баяндап, сан ғасыр бойы бейбітшілік кепіліне айналған, ата дәстүрімізбен қабысқан дәстүрлі Ислам құндылықтарының артықшылығы, Әбу Ханифа мазһабына негізделген діни құндылықтарымыздың ел өміріндегі атқаратын рөлі жайында тұщымды баяндама жасады. 

Жиналыс соңында құқық қорғау саласы қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

sunna.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру