
Бүгін облыстық Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасыдан үлгілі ұрпақ өседі» атты өңірлік ата-аналар конференциясы өтті.
Конференцияны облыстық Білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауқызы ашып, жиын жұмысына сәттілік тіледі.
Шара барысында ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы «Отбасындағы ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама тақырыбы Ислам дінімен біте қайнасқан қазақ руханиятындағы бала тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктеріне арналды. Сондай-ақ, Отанның отбасыдан басталатын баға жетпес құндылық екенін айта келе, «Имандылықты өмір айнасы деп түсінген кешегі бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне аса мән берген, асқан жауапкершілікпен қараған. Тіпті, тәрбиені ана құрсағынан бастайтын болған. Қазақтың құрсақ тойы, сәби дүниеге келсе азан шақырып, ат қоюы, бесік той мен тұсау кесері, сүндет тойы мұның барлығы тәрбиемен біте қайнасқан», – деді.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.12.2016
3625
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру