
ҚМДБ «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, исламтанушы Бақытжан Өткелбаев еліміздің іргелі оқу орны «Л.Н. Гумелев» атындағы Ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті Дінтану кафедрасының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЮНЕСКО-ның «2016 – Иасауи жылына» орай «Иасауи мұрасы және Айқожа Ишан» сабақтастығы» атты сала аралық дөңгелек үстел мәжілісіне арнайы қатысып, «Ахмет Иасауи мұрасының түркі әлеміндегі және Қазақстан қоғамындағы орны» атты баяндама жасады.
Б.Өткелбаев баяндамасында Қожа Ахмет Иасауидің рухани және мәдени мұрасы XII бастап бүкіл түркі әлеміне кеңінен қанат жайып өркендегенін және заманауи Қазақстан қоғамына да өте қажетті рухани азық екендігін жеткізді. Қазіргі таңда түрлі деструктивті діни ағымдарға қарсы А. Иасауи бабамыздың мәдени, ахлақи, көркем-мінезділігін, мейірім мен қамқорлықтан тұратын адамгершілік құндылықтарын, аса құнды диуани хикметтің жастарымызды тәрбиелеуде таптырмас құнды мұра екендігін алға тартты.
![]()
Наиб имам өз сөзінде биыл, ЮНЕСКО-ның «2016 – Иасауи жылына» орай ҚМДБ бірнеше іс-шараларды ұйымдастырғанын, биылғы жылды «Дін және тарих тағылымы», ал, 2015 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялап, солардың аясында көптеген ізгі істердің қолға алынғандығын, бірнеше кітап шығарылғандығын, имамдардың уағыз-насихатында бабаларымыздың, ақын-жыраулардың тәрбиелік мәні зор жыр-шумақтарынан, қара сөздерінен мысалдар келтіре отырып баяндалатынына кеңінен тоқталып кетті.
Алқалы жиын теология және философия ғ.д., исауитанушы ғалым Досай Кенжетайдың Ахмет Иасауидің еңбегіне арналған кітабі мен ХVIII-XIX ғ. қазақ қоғамының діни тұрғыдан айдындануына еңбек сіңірген Айқожа ишанның өмірінен сыр шертетін кітаптың тұсаукесер рәсімімен басталды.
![]()
Осымен қатар, ғылыми-танымдық бас қосуда филос.ғ.д., академик Ғарифолла Есім, с.ғ.д., профессор Камал Бұрханов, «Л.Н. Гумелев» атындағы ҰУ-нің проректоры Серікжан Қанаев, осы оқу орнының тағы бір проректоры, белгілі филолог ғалым Дихан Қамзабекұлы, ҚР ДІЖАҚ министрлігі, Діндер мен мәдениеттердің халықаралық орталығының директоры, ф.ғ.д., белгілі исауитанушы ғалым Айдар Әбуов, Қ.А. Иасауи университетінің оқытушысы, филология ғ. PhD докторы, түркиялық ғалым Сердар Дағыстан, «Әл-Фараби» атындағы ҚҰУ-нің профессоры, ф.ғ.к., Төреәлі Қыдыр, Ф.ғ.к., иасауитанушы Болат Қорғанбек және «Л.Н. Гумелев» атындағы ҰУ-нің профессоры, т.ғ.д., Асылбек Избаиров баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге осымен бірге, оқытушылар, дінтанушы магистранттар мен студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. Жиын соңында ғұлама бабалардың аруақтарына арналып ас беріліп, Құран бағышталды.

![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.12.2016
3977
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру