
Түзеу мекемелеріндегі азаматтармен жұмыс, оларды қалыпты өмірлік ұстанымға қайтару – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маңызды міндетерінің бірі. Діни басқармаға қарасты өкілдіктердің бекітілген қызметкерлері осы мақсатта түзеу колонияларында жүйелі жұмыс атқарып келеді.
Астана қаласында «Ақталушылық технологиялар мен тұжырымдамалар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сотталған және түзету мекемелерінен босап шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіруге жағдай жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Астана қаласы Ішкі істер департаменті, түзеу мекемелері қызметкелері, жұмыспен қамту орталығының өкілдері, сондай-ақ мешіт имамдары қатысты. Дөңгелек үстел жұмысында жалпы сотталғандар мен жазасын өтеп шыққандардың құқықтары және оларды жұмыспен қамту мәселелері талқыланып, тараптар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Дін қызметкерлері өз кезегінде жаңылыс басып, жазасын өтеуші азаматтардың қоғамның мүшесі екенін ескере келе, оларды оңалту, көзқарастарын түзеп, бағыт-бағдар берудің маңыздылығына тоқталды. Бұл реттегі жұмыстар жан-жақты, әр тараптан бірізді жүргізіліп, жоспарлы түрде атқарылуы да қажеттігін атап өтті.
Жиын соңында қалалық түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші азаматармен нәтижелі жұмыс жасап, уағыз-насихат жүргізген «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлы мен «Садуақас Ғылмани» мешітінің наиб имамы Мәмлүк Мұсаев қор атынан «Алғыс хатымен» марапатталды. Қор өкілдері имамдардың белсенді жұмыстарына алғыс айтып, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, қызметте жетістікке жете беруге тілектестік білдірді.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.12.2016
3400
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру