Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемендік имамдар есеп берді

08.12.2016 3442 0 пікір

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде жылдағы дәстүр бойынша ҚМДБ-ның Өскемен аймағына қарасты аудан, қала имамдарының есеп беру жиналысы өтті.

Жиынды Өскемен аймының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы жүргізіп, имамдардың ағымдағы жылы атқарған істерін, төрт бағыт бойынша аудандарда тындырылған шараларды тыңдады.

Есеп беру шарасында сонымен қатар имамдар жыл бойы жасаған жұмыстарын және өкілдіктен жарияланған «25 жылдыққа 25 қадам» жобасында көрсетілген ауқымды істерін баяндады.

Өкіл имам олардан төрт бағыт бойынша және «Дін және тарих тағылымы жылы» аясында өңірде атқарған әрі нақты нәтижеге жеткен шараларын бағалап, кейбір көрсеткіші төмен жұмыстар бойынша ескертулер берді.

Жиын соңында имамдарға Діни басқарманың тапсырмаларын дер кезінде тыңғылықты орындау туралы міндеттер беріліп, нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру