
Жақында Қостанай қалалық мешітінде ұстаздық мамандықты таңдаған студенттермен «Ішімдік пен есірткі жаһанды жаулаған індет» және «Суицид – өз-өзіне қол жұмсау-тығырықтан шығатын жол емес» атты тақырыпта кездесу болып өтті.
Бұл іс-шара үкілі үмітіміз жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу әрі жаһанды жаулаған індет әрі бүгінгі таңдағы зардабын тигізер дерттің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Тағылымды кешті Қостанай қалалық мешітінің бас имамы жүргізіп, келген қонақтарды студент жастарға таныстырып, басқосудың мәні мен маңызына тоқталды.
Содан кейін Қостанай қалалық прокурорының орынбасары Тұрар Жүсіпов ішімдіктің адамға тигізер зиянын медициналық және ғылыми тұрғыдан айта келе, жиналғандарға бейнеролик көрсетті.
![]()
Осы өзекті мәселеге байланысты Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Исламдағы аят-хадиске сүйене отырып, әсерлі насихат айтты.
Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының оқытушысы, магистр Гүлзат Ибраева «Суицид» тақырыбына орай жан-жақты баяндама жасады. Арнайы дайындалған бейнебаянды да жұртшылық назарына ұсынды.
Осы кеште Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Дархан Қосылбаев «Өз-өзіне қол жұмсау» деген тақырыпты Ислам діні тұрғысынан түсіндіріп өтті.
Тәрбиелік мәні зор басқосудан кейін барша қатысқан студенттерге арнайы дастархан жайылды.
Қорыта айтқанда, бұл іс-шарада жастарды сақтандырар ішімдік және суицид секілді өзекті мәселе жайлы ой салар пікірлер айтылды.
Ұйымдастырылған кешке бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.12.2016
4025
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру