
Ақтөбе қаласындағы «Нұрдаулет» мешіті жан-жақты түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 23 қараша күні Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы – ҚМДБ филиалы ретінде тіркелді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығының тұсында бұл тарихи оқиға болып отыр. Осыған байланысты бүгін қасиетті жұма күні өкіл имам Төлеби Оспан арнайы «Нұрдәулет» мешітіне барып, жамағатқа қуанышты хабарды жеткізді.
Өкіл имам өз сөзінде: «Қасиетті Құранда: «Расында Алланың мешіттерін Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, сондай-ақ намаз оқып, зекет берген және тек Алладан ғана қорқатын (пенде) тұрғызады. Шын мәнінде олар тура жол тапқандар», - деп сүйіншілейді. Борис ақсақал Жаратқанның ризалығына бөлену үшін Алланың жер бетіндегі үйі болған бірнеше мешіт тұрғызған жомарт жан. Сондай-ақ, мешіттерді тек тұрғызып қана қоймай, олардың халыққа қалтқысыз қызмет етуін де қамтамасыз етіп келеді. Енді міне, сол мешітті Діни басқармаға филиал ретінде тіркей отырып, Мүфтиятпен бірге екендігін көрсетті. Алла Тағала разы болсын!», - деп ризашылық білдіре келе Діни басқармамен ынтымақтастық танытқандығына алғыс білдірді. Сонымен қатар жамағатты бірлікке шақырып, ел ішінде алауыздық әрекеттерден аулақ болуға үндеді.
Сөз соңында өкіл имам Борис ақсақалдың иығына қазақи дәстүрімізге сай Бас мүфти атынан шапан жауып, алғыс хат табыстады. Жамағатпен бірге жұма намазын оқып, елдің бірлігі мен ынтымағы үшін дұға тіледі.
Естеріңізге сала кетейек, «Нұрдәулет» мешіті – 1999 жылы ақтөбелік мұсылман жамағатына пайдалануға берілген болатын.
![]()
![]()
![]()
![]()
«Нұр Ғасыр» Ақтөбе болыстық
орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.12.2016
4034
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру