Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тұңғыш Президенті күніне арналған конференция өтті

02.12.2016 3817 0 пікір

Орал қаласындағы  Салтанат сарайында  ҚР Тұңғыш Президенті күні арналған "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тұңғыш президенттің рөлі" атты конференциясы болып өтті.

Оған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, мемлекеттік қызметкер, ғалым-ұстаздар, басқарма басшылары, дін мамандары, қоғамдық бірлестік жетекшілері, ақсақалдар,  студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен  Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы сөз алып, конференция қатысушыларға сәттілік тіледі.

"Нұротан" партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Кенжебекұлы "Ұлт көшбасшының  Қазақстан жолы",   М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті,тарих ғылымдарының кандидаты , ҚР білім беру ісінің үздігі Жанабек Жанабайұлы "Елбасы саясаты-тарихи талдау тұрғысынан", "Заман "БҚО өндірушілер қауымдастығының төрайымы Айгүл Серікқызы "Бизнес және қоғам", М.Өтемісов атындағы БҚМУ физика-математика мамандығының 4 курс студенті, ҚР  Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы шәкіртақы иегері Әйгерім Жарылғапқызы "Елбасы және Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері" атты баяндамалар оқылып, түйінді пікірлер айтылды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру