Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау имамдары жылдық есеп берді (фото)

02.12.2016 3957 0 пікір

Қарашаның 30-жұлдызында ҚМДБ-ның Атырау бойынша өкілі, Атырау  облыстық «Иманғали» орталық мешітінің  бас имамы Батыржан Берденұлы қала және аудан имамдарының жылдық жұмыс есебін тыңдады. Имамдар есеп бере отырып ағымдағы жылдың жетістіктерін алға тартып, сонымен қатар кейбір орын алған түйткіл мәселелерді де тілге тиек етті.

Әрине атқарылған жұмыстар аз емес. Айта кету керек биыл жылдық есептің өту барысы бұрынғыдан өзгешелеу болды, имамдар өздерінің атқарылған іс-шараларын жаңа форматта яғни видео материал және альбом ретінде көрсетті. Өкіл имам Б.Берденұлы жылдық есепті тыңдай отырып, бұл есептердің 15 жылдан кейін тарих болып қалатынын айтты. Сонымен қатар аймақтардың діни ахуалы, сауат ашу курстары, шәкірт саны, намаздың уақыттарында уағыздың айтылуы, кезекшілік т.б осындай мешітке қарасты жұмыстарына баса назар аударды.

"Біздің мақсатымыз - исламның тазалығын, оның өзіндік сұлулығын халыққа жеткізе білу. Егер ісіміз нәтижелі болса соңында халықтың өзі-ақ ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білетін болады. Сондықтан, дін қызметін жанашырлықпен, абыроймен атқаруларыңызға тілектестігімді білдіремін", - деп атап өтті өкіл имам.

Сонымен қатар пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с)-ның туылған күні, яғни мәуліт айы мерекесіне орай іс-шараларды өткізуді де тапсырды. Жиналыста имамдардың ұсынысы, алдағы жұмыс жоспарлары да тыңдалды.

Атырау облыстық «Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру